КӨЛІКТІҢ VIP НӨМІРЛЕРІНЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
Өңірде темір тұлпардың маркасына ғана емес, оның мемлекеттік нөміріне де мән беретіндер көбейді. Былтыр қызылордалықтар VIP нөмір алуға шамамен 290 млн теңге жұмсаған. Бұл нөмірлер кейбір көліктердің құнымен пара-пар. Ендеше ең қымбат нөмірдің құны қанша? Оны кімдер алуға тырысады? Тақырыпты тілшіміз Мақсат Кәрібай зерделеп көрді. МАҚСАТ КӘРІБАЙ – ТІЛШІ Very important person немесе жәй ғана VIP. Елден ерекшеленгенді жаны сүйетіндер көлігіне осындай көркем нөмір тағып алады. Сондай 856 қызылордалық биыл 290 млн.- теңгеге ВИП нөмір сатып алған. VIP термині біздің тілімізге сіңіп кеткелі қашан. Ал енді осы «әдемі» нөмірлер сән үшін бе, бедел үшін бе әлде даңғазалық па? Тұрғындардан сұрап білдік. Күшті ғой. Көлігіңнің сәнін келтіріп тұрады. Әсіресе, шығармашылық адамдарға жақсы сияқты. Нөмірі бірден жатталып қалады, көрініп тұрады. Әркімнің жағдайына байланысты ғой. Ақшасы боп тұрса алады, ақшасы жоқ боса керек емес. Мініп жүрген машинаң жақсы болса болды ғой. Онда қандай нөмір тұрғаны маңызды емес меніңше. Ал біреулер үшін вип нөмір маңызды. Мәселен, қаңтар айында 171 қызылордалық әдемі сандар мен әріптер үшін 55 млн теңгені шытырлатып санап берген. Шілдеде 118 нөмір сатылған. БАҒЛАН БОТАБЕКОВ – МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС МАМАНЫ Ең көп сұраныстағы 57 АЕК белгіленген мемлекеттік белгілер. Бұрын бұл белгілер 15 жұмыс күнінің ішінде дайын болатын еді, қазір бір жұмыс күнінің ішінде қосымша құнын төлеу арқылы дайындауға болады. Мамандардың айтуынша, қызылордалықтар көбіне 1 санымен байланысты нөмірлерді тағуға құмар екен. Себебі айтпаса да түсінікті. 11-ші аймақ болғаннан соң осы сандар комбинациясына сұраныс жоғары. Ал, алыстан мен мұндалап, көзге бірден түсетін қымбат нөмірлер 001,002, 007, 777, 999 сынды сандар екен. МАҚСАТ КӘРІБАЙ – ТІЛШІ Темір тұлпарының елден ерек, жүйрік те сұлу екенін көрсеткісі келетіндер мынадай нөмір алады. Мысалы, мына 001 көлігіңіздің көркін келтірсін десеңіз 841 776 теңгеге шығындалуға тура келеді. Ал, бұдан да сәнді болғанын қаласаңыз әріптерін де таңдап алуға болады. Ол үшін қалтаңызда тағы 210 444 теңгеңіз болуы керек. Мына нөмірдің құны 1 052 220 теңге. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының сөрелерінде әдемі нөмірдің әралуан түрі бар. Талғам мен таңдауыңызға қарай бағасы да әртүрлі. 210 444 теңгеден басталып ең қымбаты миллионнан асады. Бірақ, қанша қымбат нөмір алсаңыз да жұртпен бірдей кезек күтесіз. Ереже сондай. БАҒЛАН БОТАБЕКОВ – МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС МАМАНЫ Қызмет алушы келіп, жоғары сұраныстағы мемлекеттік нөмірге өтінім беріп жатқан кезде асығыс болатын болса, 15427 теңгесін төлеп бір күннің ішінде шығарып алса болады. Келіп бірінші өтінім беріледі мемлекеттік нөмірге сұранысқа. Мемлекеттік нөмір дайын болады. Дайын болғаннан кейін келіп, талон алып, электронды кезекпен мемлекеттік қызметті алуға өтінім беріледі. Жалпы электронды кезекке тұрып, жалпылама алынады. Осылайша көлік иелері талғамы мен қалтасына қарай нөмір таңдауға құқылы. Ең бастысы, жолда жүру ережесі баршаға ортақ екенін естен шығармаған жөн. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/