Suivant

Көшпенділер ойынына Сыр өңірінен 12 спортшы қатысады

26/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Сыр өңірінен 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойынына 12 спортшы қатысады. Олар спорттың 9 түрінен бақ сынайтын болады. Атап айтатын болсақ, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мақсат Исағабыловтан үміт зор. Сонымен қатар татар ұлттық күресінен бұрымдыларымыз Жұлдыз Жұмахан, Арайлым Оразбай, Назерке Әбілтаева белдеседі. Нұрлыбек Асқаров, Балғынбек Медетбек, Наурызқожа Әмзеев, Дәулет Ағайдар көкпар тартаса, жамбы атудан Ғалымжан Өміртай мен Ақаділ Пернебай өнер көрсетеді. Сондай-ақ, Бексұлтан Бостандықов тоғызқұмалақтан, Айгерім Сыздықова 5 асықтан ел намысын қорғайды. Қазір байрақты бәсекеге спортшыларымыз қызу дайындықты бастап кетті. Оның ішінде күрестен 76 салмақ дәрежесінде сынға түсетін Арайлым Оразбай да бар. Бұрымды балуанымыз дәл қазір Алматы облысында өтіп жатқан оқу жаттығу жиынында шеберлігін шыңдауда. Қазақстанның 6 дүркін жеңімпазы, Әлем, Азия чемпионаттарында жеңіс тұғырынан көрініп жүрген спортшымыз Дүниежүзілік ойындарына биыл алғаш рет қатысқалы отыр. Күрестің бірнеше түрін меңгерген палуан қыз бұл бәсекеде де қоржынға алтын салуға ниетті. Статистикаға сүйенсек, қазірге дейін Дүниежүзілік көшпенділер ойынының 500-ден астам билеті сатылған. Жанкүйерлер тарапынан көкпар, бәйге және күрес түрлеріне сұраныс жоғары екен. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant