Легионерлер мемлекет есебінен қаржыландырылмайтын болды
Қазақстанның атынан ойындарға қатысып, миллиондаған айлық алатын легионерлер мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылмайтын болды. Мәжілісте арнайы заң жобасы қаралды. Жалпы құжат спорт саласын басқару формасын толық өзгертуді көздейді. Қомақты қаржы тек Қазақстанның атын халықаралық дәрежеде көтеруге үлес қосып отырған бағыттарға ғана беріледі. Елімізде спортқа бөлінетін қаржының есебіне жету қиын екені бірнеше жылдан бері айтылып келеді. Айналыспақ түгіл атын естімеген спорт түрлері бюджеттен ақша сорып жатыр, - дейді депутаттар. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/