Suivant

МАЙДАНГЕР МҰРАСЫ МУЗЕЙГЕ ТАБЫСТАЛДЫ

15/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Сұрапыл соғысқа аттанып, іс-түссіз жоғалған қазақ жауынгері Силан Мәметовтің сүйегі 82 жылдан кейін табылып, туған жеріне арулап жерленді. Ал, майдан даласынан табылған батырдың каскасы мен оқ-дәрі қалдықтары облыстық тарихи-өлкетану музейі қорына өткізілді. Өскелең ұрпаққа ерлік істі дәріптеген бастама туралы тілшіміз тарқатады. Силан Мәметов 1912 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Соғысқа аттанар алдында ғана үйленген 29 жастағы жігіт 1941 жылы Мәскеу түбіндегі шайқастан соң іс-түссіз жоғалған. ДӘУЛЕТ САҒИТ – ТІЛШІ //Силан Мәметов 144-ші атқыштар дивизиясының 785 атқыштар полкінде қызмет етіп, 1941 жылдың қараша айындағы шайқастың бірінде хабар-ошарсыз кеткен. Бірақ 2023 жылы ресейлік еріктілер жасағы мен республикалық «Атамның аманаты» қоғамдық ұйымының бірлескен жұмыстарының нәтижесінде сұрапыл соғыс болған аумақтан қазақ жауынгерінің сүйегі табылды. Батыр мүрдесінің жанынан бірнеше тұтынған заттары мен оқ дәрі қалдықтары табылыпты. Құнды жәдігерді республикалық қоғамдық ұйым өкілдері музей қорына өткізіп, үлгілі іс жасады.// ӘУБӘКІР СМАЙЫЛОВ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛІ // «Атамның аманаты» қоғамдық ұйымы екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен майдангерлерді іздестірумен айналысатын бірден бір ұйым. Ал, Мәметов Силан Қазалы ауданынан соғысқа аттанған екен. Біз біршама уақыт туған-туысқандарын, ұрпақтарын іздестірдік. Өкінішке орай, таба алмадық. Бұл сарбаз бауырластар зиратынан 300 метр қашықтықта табылды. Солдаттың мойнындағы медалін зерттеп, аты-жөні, қайдан шақыртылды, қай үйде тұрғаны туралы бәрі жазылған. Сонымен қатар, оның басындағы каскасы. Оның жартысы жоқ Снаряд жұлып кетті ма беймәлім. Туған туыстары болмағаннан кейін осы облыстық музейге табыстап отырмыз.// Құрылғанына үш жылға жуықтаған қоғамдық ұйымның жұмысы нәтижесіз емес. 2020 жылдан бері «ata-amanaty.kz» сайтына 7 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Іздеу шаралары барысында 4 мыңға жуық қазақ жауынгерінің қай жерде қаза болғаны анықталған. Шарада сөз алған облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов игі іске ұйытқы болған жандарға алғысын білдірді. АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Бүгінде қоғамдық ұйымның жұмысы бүгінгі жас ұрпақтың отанға деген сүйспеншілігін, патриоттық сезімін оятуға өз септігін тигізеді./ Қазақ жауынгері өз отбасы үшін ғана емес, тұтас Отан жолында жанын пида етті. Сондықтан оның ерлік ісін ел алдында жаңғырту маңызды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant