Suivant

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

15/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Еліміздің ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев мектеп бітіруші түлектермен кездесті. Жиында оқушыларға ұлттық бірыңғай тестілеудегі жаңашылдықтар және бейіндік пәндер мен мамандықты дұрыс таңдау бойынша кәсіби бағыт -бағдар берілді. Талапкердің алдындағы ең маңызды міндет – бейіндік пәні мен мамандықты дұрыс таңдау. Себебі, елімізде соңғы жылдары мектеп бітіруші түлектердің басым бөлігі педагогикалық бағытқа бет бұрған. Бұл біріншіден мемлекеттік грантқа түсу көрсеткішін төмендетсе, екіншіден жұмыссыз жастардың саны артуы мүмкін. РУСЛАН ЕМЕЛБАЕВ, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ Талапкерлердің мемлекет тарапынан бөлінген гранттарды игеруі ғана маңызды емес. Әр талапкердің өзінің келешекте қабілетін қарай және нарықта сұранысқа ие мамандыққа баруы өте маңызды. Қазіргі кезде талапкерлер тарапынан ең көп таңдалатын мамандықтар педагогикалқы бағыт. Өткен жылы грант конкурсына құжат тапсырған әр үшінші талапкер осы педагогикалық бағытқа тапсырған екен. Келесі жылдан бастап кәсіптік, техникалық және жұмысшы мамандықтарға басымдық беріледі. Себебі, мемлекет басшысы өз жолдауында «2025 жылды – Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған болатын. Сондықтан министрлік өкілдері мамандық таңдауда қаталеспеу керектігін айтады. АЙДОС ЖҰМАНАЗАР, КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУШІ Қазір ата-аналардың көбі өзінің баласының дәрігер, мұғалім болғанын қалайды. Бірақ баласының дәрігерлікке қабілеті барма, білімі жетеме оған қарамайды. Біз сауалнама жүргіздік, Қызылорда облысында оқушылардың көбі химия-биология пәнін таңдаған екен. Олардың басым бөлігі сол медициан мамандығына барғысы келеді. Оқушыларға айтатын ең маңызды кеңесім трендтің артынан қуып мамандық таңдауға болмайды. Бұл жерде біз ең бастысы өзіміздің қызығушылығымызды қарауымыз керек. Мамандардың айтуынша, қай қалада оқу маңызды емес, ең бастысы сапалы білім алып, білікті маман атану. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant