МАС ЖҮРГІЗУШІ ПОЛИЦЕЙДІ ҚАҒЫП КЕТТІ
Масаң күйде көлік басқарған жүргізуші полиция қызметкерін басып кетті. Жол жүру ережесін бұзған күдікті полицейлердің талабына бағынбай, алдынан шыққан жол сақшысын қағып, үстінен жаншып өткен. Ауыр дене жарақатын алған полицей қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Оқиға 23 қаңтар күні таңғы сағат 5-тердің шамасында болған. Қала орталығындағы Қорқыт ата көшесінің бойында жол ережесін бұзған автокөлік жүргізушісін полиция қызметкерлері тоқтатпақ болған. Алайда олардан қашып құтылуға тырысқан көлік шаһардың іргесіндегі күріштік алқапқа қарай бағыт алған. Қосымша көмекке шақырылған тағы бір полиция жасағының қызметкері көлік алдынан жаяу шығып тоқтатпақшы болған. Бірақ, жүгенсіз жүргізуші тәртіп сақшысын қағып өткен. Көп ұзамай күдікті қолға түсіп, масаң күйде көлік басқарғаны анықталды. ӘМІРЖАН ӨТЕГЕНОВ - ҚЫЗЫЛОРДА ОПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ /Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Автокөлік айып тұрақта. Қазіргі таңда билік өкіліне қатысты күш қолдану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде./ Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/