МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫҢ ҚЫЗМЕТ САПАСЫНА ТАЛАП КҮШЕЙТІЛДІ
Халық көп шағымданатын медициналық сақтандыру қызметіне талап күшейтілді. Яғни, МӘМС бойынша мединицалық қызмет көрсететін ұйымдарға қойылатын талап түрлері көбейді. Бұған дейін бұл мекемелер пациентті өздері қабылдамай, қосалқы мердігерлікке беретін. Осы қосалқы тараптарға беруге шектеу енгізілді. Себебі, осының салдарынан қарапайым халық өздері бекітілген мединицалық мекеде емес, өзге жерден тексерілуге мәжбүр болатын. Енді қойылған бұл талаптар дұрыс орындалмаса шарт бұзылады. Сондай-ақ, медициналық мекеме МӘМС жүйесіндегі қызмет берушілер базасынан шығарылады. Халық ай сайын сақтандыруға төлеп отырған қаржыдан қағылады. Бұл қадамдар халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыруға бағытталған. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/