Suivant

МЕКТЕБІМ - МЕЙІРІМ МЕКЕНІ

04/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Күні кеше еліміздегі барлық білім ошағында алғашқы қоңырау соғылды. Биыл облыс бойынша 17 мыңнан аса бала мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттап отыр. Облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов Батыржан Шалғынбаев атындағы №217 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейіне барып, «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты шараға қатысты. Жүздері бал-бұл жайнаған жеткіншектер өмірдің жаңа белесіне қадам басты. Биыл өңірдегі 330 мектепте 184 мыңнан аса оқушы білім алады. Салаға көрсетілген қолдаудың арқасында өткен оқу жылы табысты түйінделді. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен Сыр өңірі аймақтар арасында бірінші орынға шықты. ШАХМАРДАН БАЙМАНОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ // Мемлекеттік грант конкурсына қатысқан 6252 түлектің 4252-сі немесе 76 пайызы мемлекеттік грант иеленді. Бұл ұстаздар мен ата-аналардың еңбегінің қайтарымы. Осы мерейлі сәтті пайдалана отырып барша ұстаздарға алғысымды білдіремін. Міне, ұстаз бен шәкірт асыға күткен алғашқы қоңырау соғылды. Бұл білім ордасы жаңа оқу жылын жағымды жаңалықпен бастады. Жарты ғасырдан аса тарихы бар мектеп биыл қайта жаңғыртудан өтіп, жаңа кейіпке енді. Арнайы пәндік кабинеттер ашылып, сапалы білім беруге мүмкіндік артты. ӘСЕЛ ЕСЕТОВА – Б.ШАЛҒЫНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №217 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Биылғы оқу жылында 3 ақпараттық – технологиялық ашылды. Балаларымыздың білім алуына үлкен жағдай жасалуда. Қазіргі таңда 171-ден аса мұғалім сабақ береді. Мұғалімдеріміздің біліктілігі жағынан өте мықты. Ел ұстаздарын жаңа оқу жылымен құттықтаймын. Жаңа оқу жылы табысты, жетістікке толы жыл болсын деп тілеймін. Жаңа оқу жылында мектепте 1400-ден аса шәкірт білім алады. Оның 150-і бірінші сыныпқа қабылданды. Тұңғыш рет партаға отырып, ұстаздармен қауышқан шәкірттердің қуанышында шек жоқ. Жалпы, биыл өңірдегі 8 мектеп күрделі жөндеуден өтсе, оның 5-еуі Қызылорда қаласында. Білім ұяларында материалдық-техникалық база түгелдей жаңарды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant