Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімін қабылдады
Бүгін Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевті қабылдады. Кездесуде аймақ басшысы өңірдің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді. Оның сөзінше өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика байқалады. Негізгі капиталға құйылған инвестиция 17,3 пайызға артып, 517,2 миллиард теңгені құраған. Сондай-ақ көлік тасымалы саласы – 5,2 пайыз, құрылыс – 18,7 пайыз, байланыс – 7,2 пайыз, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 4,7 пайыз өскен. Сайт - https://jambyltv.kz/ Instagram - https://www.instagram.com/jambyl_tv/ Facebook - https://www.facebook.com/jambyltv/ Tiktok - https://www.tiktok.com/@jambyltv08 Telegram - https://t.me/jambyl_tv