Suivant

Мемлекет берген жалдамалы пәтерді қалдық құны бойынша сатып алуға болады

05/01/25
Khabar 24
Dans Asie / Kazakhstan

Қостанай облысында 6 мыңға жуық отбасы мемлекеттік бағдарламамен берілген пәтерді жалдап тұрады. Жекешелендіруге жатпайтын баспанада тұратындардың дені жастар мен әлеуметтік жағынан осал топ санатындағылар. Оларға сатып алу құқын беру туралы мәселе біраз жылдан бері көтеріліп жүр. Былтыр өзгерістер мен толықтырулар енгізілген тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасы депутаттар тарапынан қолдау тапты. Бұл туралы Қостанайда тігін фабрикасының еңбек ұжымымен болған кездесуде Сенат депутаты Бибігүл Аққожина мәлімдеді. Халық қалаулысының айтуынша, жалға берілген пәтерді, енді қалдық құны бойынша сатып алуға болады. #қостанай #Новости #24KZ #хабар24

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant