Suivant

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

18/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыс әкімінің төрағалығымен «Ауыл аманаты» және «Арт спорт» бағдарламаларының жүзеге асырылуы бойынша мәжіліс өтті. Жиында аймақ басшысы жауапты сала басшыларына өңір үшін маңызды саналатын бағдарламалар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өткен жылы өңірге республикалық бюджеттен 3 млрд. теңге бөлінсе, биылға 4 млрд. 600 млн. теңге қаралған. Қазіргі күні оның 1 млрд. теңгесі бөлініп, 125 жобаны іске асыру жоспарланған. Бірақ 68 жоба ғана қолдау тауып отыр. Мамандардың айтуынша аудандардан ұсынылған жобалар жетерлік. Бірақ құжаттарды қабылдау, портал жұмысының баяу жұмыс жасауы жобалардың жүзеге асырылуына кедергі келтіруде. ТАЛҒАТ ДҮЙСЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Үлкен проблема электронды порталда болып тұр. Республика бойынша жақсы көрсеткіш көрсетіп тұрған Қызылорда облысы. ... «Ауыл аманаты» халықтың табысын арттырып, жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарлама. Облыс әкімі сондықтан бюджеттен бөлінген қаражатты тиімді пайдаланып, жобаларды жүзеге асыру керектігін айтты. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ Жұмысты күшейтіңіздер. ...Елді мекендерде кәсіп бастаймын деген азаматтарды қолдау керек... Мәжілісте мұнан бөлек «Артспорт» бағдарламасына бөлінген қаржының тиімді жұмсалуы және үйірмелердің жұмысы туралы айтылды. Мониторингтік топ осы бағытта зерделеу жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталып, 74 кәсіпкермен келісім шарт бұзылды. ШАХМАРДАН БАЙМАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Зерделеу барысында анықталған негізгі кемшіліктер бейнебақылау камералар орнатылмаған, жуыну бөлмелері, киім ауыстыратын жері жоқ..... Талапқа сай жұмыс істемеген орталықтарға берілген қаражат кері қайтарылады. Ал мониторингтік топ жұмысын тұрақты түрде жалғастырмады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant