Suivant

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауы қорытындыланды

26/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

«Мемлекеттік тіл және Бұқаралық ақпарат құралдары» байқауы мәресіне жетті. Бұл байқау облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйытқы болуымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл сайысқа қатысуға 9 үміткер ниет білдірген. Байқаудың негізгі мақсаты - мемлекеттік тіл мәселесіне қоғамның назарын аударту. Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынға «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлы лайық деп танылды. АҚТӨРЕ ИБРАГИМҰЛЫ – БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ "Байқауға өзім қатысып, 2 туындымды ұсынып талапқа сай, жеңімпаз атанып отырмын. Қазылар алқасына, қоғамдық даму басқармасына үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да осы Ана тілімізді ардақтау бағытындағы жұмыстарымызды атқаратын боламыз». Ал, жүлделі екінші орын Арал ауданының құрметті журналисі Жаңабай Кемалға бұйырса, үшінші орынды «Жалағаш жаршысы» газеті бас редакторының орынбасары Жандос Жазкен алды. Сондай-ақ, әріптесіміз, «Қызылорда» телеарнасының Байқоңыр қаласындағы меншікті тілшісі Гүлай Ашекова мемлекеттік тіл саясатын насихаттаудағы белсенділігі үшін Алғыс хатпен марапатталды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant