Мерекені қауіпсіз қарсы алайық!
Қысқы мерекелердің қауіпсіздігін басты назарға алған ақтөбелік полицейлер 5-ші желтоқсаннан бастап «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс шарасын қолға алды. Рейдтер жүргізіліп, стихиялық сауданы анықтау және балалардың пиротехниканы пайдалануына жол бермеу бойынша бақылау жұмыстары атқарылды. Әзірге заң бұзушылықтар тіркелмеді. Әйтсе де, тәртіп сақшылары мұндай бұйымдарды кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салынатынын қатаң ескертті. Егер құқық бұзушылықтар болса, азаматтарды құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды. Сайт: http://aktobetv.kz Instagram: https://www.instagram.com/aqtobetv/ Facebook: https://www.facebook.com/aqtobetv VK: https://vk.com/aqtobetv Twitter: https://twitter.com/aqtobetv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews