Suivant

Музей ісінің майталманы

18/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Тереңнен тамыр тартатын музейде мыңжылдықтардың мұрасы жатыр. Мұнда өткенге сапар шегіп, тарихпен тікелей тілдесе аласыз. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде көненің көзіндей құнды жәдігерлер жетерлік. Соның бәрін қор сақтау бөлімің мамандары мұртын бұзбай сақтап отыр. Тақырыпты тілшіміз сабақтайды. Кенжегүл Ибрагимқызы облыстық тарихи-өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы. Осы салада отыз жылдан аса тәжірибесі бар. Айтуынша, мұндағы әрбір жәдігердің «жаны» бар, бойында көне дәуір сыры бар. Зер салсаңыз, өткен уақыт көлбелеңдеп көз алдыңа келеді. Мәселен, музей қорында мыңнан аса зергелік бұйымдар сақтаулы. Соның бірі мына күміс белдік. КЕНЖЕГҮЛ ИБРАГИМОВА – ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІНІҢ БАС ҚОР САҚТАУШЫСЫ //Менің қолымдағы ер кісінің белдігі. Бұл белдік 1959 жылы музей қорына өткізілген. Негізі 20 ғасырдың басына жатады. Мына барлығы күмістен жасалған. Қолымыздағы белдікті үлкен билер таққан. Сол қалпында тұр.// Көненің көзін мұртын бұзбай сақтаудың өзі жауапкершілігі зор жұмыс. Әр жәдігерге өзінше бап керек. Соған сәйкес сақтау технологиясы да әртүрлі. Мәселен, ағаш бұйымдар қысы-жазы бір температурада тұруы тиіс. Және күніне екі-рет арнайы кварц қосылады. Жалпы, Сыр өңірі тасын түртсең тарихы сөйлейтін топырақ. Музей қорында жәдігерлермен қатар құнды кітаптар да жетерлік. КЕНЖЕГҮЛ ИБРАГИМОВА – ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІНІҢ БАС ҚОР САҚТАУШЫСЫ //Музей қорында сирек кездесетін қолжазбалар мен кітаптар коллекциясы сақтаулы. Қазіргі таңда сирек кездесетін 150-ге жуық кітап бар. Олар КАИР, ТҮРКИЯ, ИРАН-да басылып шыққан. Парсы шағатай, араб тілдерінде шығарылған.// Бүгінде облыстық музейде 66 мыңнан аса экспонат бар. Әрқайсысының бай тархы бар. Кенжегүл Ибаргимова бастаған мамандар соның барлығын көзің қарашығындай сақтап, ұрпаққа ұсынып келеді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant