Мылтықсыз майданның жауынгері
Майдан мен тылдың біртұтас қимыл-әрекетінің арқасында Жеңіс туы желбіреді. Тылдағы тірліктің бел ортасында жүргендердің бірі – жалағаштық Мыңбай Байтынов. Еңбекке ерте араласып, Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан қария туралы келесі бейнематериалда. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майдандағы сарбаздар соңғы демі қалғанша күрессе, тылдағы еңбек те толастаған жоқ. Жалағаш ауданының тұрғыны Мыңбай Байтынов ол кезде небәрі 10 жаста екен. Жастық шағы соғыс кезімен қатар келген Мыңбай қарияның алты сыныптық қана білімі бар. Ауыл баласының сабақ оқып, ойнауға уақыты болған жоқ. Күні бойы егіс басында жұмыс істеді. Бидай егіп, масақ терді. Элеваторға есек арбамен күріш тасыды. МЫҢБАЙ БАЙТЫНОВ, ТЫЛ АРДАГЕРІ Балдарды масақ тергізді. Ол кезде бүкіл колхозда бір трактор. Көлтабанда бидай ектік. Ол кезде соқа жоқ. Жерағаш кәдімгі. Өгіз арбаның басын жетектедім. Сөйтіп жүргенде 1952 жылы жол бойына кірдім. 55-те армияға алып кетті Мыңбай Байтынов әскер қатарында 3,5 жыл қызмет атқарды. Елге келгесін теміржолдағы жұмысын жалғастырып, осы саладан зейнетке шықты. Десе де еңбектен қол үзген жоқ. Колхоздың моторын айдап, ауылды аяқ сумен қамтамасыз етті. Мыңбай қарияның ұл-қыздары да еңбекқор. Әке жолын қуып теміржолдан нан тауып жүр. Ал, немерелері тыл ардагерінің ұрпағы екенін мақтанышпен айтады. АЛТЫНАЙ БАЙМАҒАМБЕТҚЫЗЫ, НЕМЕРЕСІ Атамыз бізге айтып отырады қандай қиыншылық көргенін, кезінде соғыста жүргендерге көмектескенін. Бізге еңбекқор болыңдар, көбінесе ысырап жасамаңдар деп отырады. ... Бүгінде Жалағаш ауданында 91 тыл ардагері болса, Мыңбай Байтынов солардың ең үлкені. Биыл тоқсанның екеуіне аяқ басыпты. Көпті көрген қария бізге де батасын беріп, елдің амандығын тіледі. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/