Мұрабтар мәртебе төрінде

11/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Су - тіршілік нәрі. Демек, осы саланы түлетіп жүрген мамандар еңбегі ерен. Сондықтан 2017 жылдан бері су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі өз дәргейінде тойланып келеді. Сыр өңірінде мұрабтар мектебі қалыптасқан. Атаулы күнге орай облыс орталығында салтанатты кеш ұйымдастырылып, сала мамандарына құрмет көрсетілді. Бүгінде өңірде су шаруашылығы саласында 3 мыңға жуық маман қызмет атқаруда. Көбінде олардың тындырымды тірлігі көзге көріне бермейтіні ақиқат. Дегенмен, өмір ырғағы үшін сала мамандарының еңбегі ұшан-теңіз. Сондықтан, тіршілік нәрін қамдаған су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 7 жылдан бері тойланып келеді. Атаулы күнге орай облыс әкімінің орынбасары Бақыт Дүйсенұлы сала мамандарын арнайы құттықтап, атқарған еңбектеріне жеміс тіледі. Қазір су ресурстарын тиімді пайдалану ең өзекті мәселенің біріне айналды. Климаттың өзгеруі және халық санының өсуі суға деген сұранысты арттырып отыр. Сондықтан өз алдына дербес министрлік құрылып, тың бастамалар қолға алынды. Осы ретте сала мамандарына артылар жүк ауыр. Салтанатты кеште сенімге селкеу түсірмеген мұрабтар мектебінің өкілдеріне құрмет көрсетіліп, мемлекеттік марапат пен аймақ басшысының алғыс хаты табысталды. Соңғы 7-8 жылдан бері Сыр өңірінің дихандары егіске қажетті судан тапшылық көріп келді. Ал биыл ахуал айтарлықтай оңалған. Бұл маусымда күрішші қауым аймақтағы негізгі дақылды емін-еркін суғарып жатыр. Бұл жұмыстарды тиімді үйлестіру сала мамандарына жүктелген. Қазір Сырдария өзенінен облыс аумағына секундына 650 текше метр су түсіп тұр. Дихандар осы айдың соңына қарай күріштің суын бастыра бастайды. Демек, көл-көсір тіршілік нәрі кіші Арал теңізі мен маңайындағы көл-тоғандарға жіберіліп, айдынды өлкенің бойына қан жүгірмек. ҚАЙРАТБЕК СӘРСЕНБАЕВ – АРАЛ-СЫРДАРИЯ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // Арал теңізін сақтау деген дүниежүзілік проблема бар. Арал теңізіне берілген су өткен жылы жаз айларында 6-7 текше метрлен артпаған болатын. Бүгінгі күні қазір бір айдың көлемі болып қалды 65 куб су беріліп жатыр. Мұны әрі қарай 100-200 кубқа дейін жеткізіп, белгіленген болжамды орындаймыз деген ойымыз бар/ Мерекелік кеште сұлу Сырды жағалай қонған аймақтың тармақты тамырына қан жүгірткен сала майталмандарына құрмет көрсетіліп, өңір өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par