Suivant

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ II РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

04/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Мәслихат депутаттарының сайлаушылар алдындағы есебі көбіне формалды түрде өтеді. Мәслихат депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті депутаттардың жұмысын осылай сынға алды. Сондықтан, олардың біліктілігін арттыруды тапсырып, мәслихаттар мен әкімдіктерді үйлесімді жұмыс істеуге шақырды. Әрі әкімдіктердің жұмысын беталды сынайтын азаматтарға қатысты да айтып, қоғамдағы түйіткілдерге тоқталды. Мәслихат депутаттарының II республикалық форумы бұл. Саяси шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 3 мыңдай депутаттың қатысуы бекер емес. Кез-келген ауыл, ауданның мәселесін олар жақсы біледі. Форум орталық пен аймақты біріктіріп, сол проблемаларды талқылайтын, пікір алмасатын алаң. Шарада алғаш болып сөз алған Мәжіліс төрағасы депутаттардың бастамасымен қоғамды алаңдатқан мәселелер шешімін тауып жатқанын жеткізді. ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ //Қазіргі уақытта күн тәртібіндегі кез келген мәселе Парламент қабырғасында ашық талқыланып жатыр. Азаматтарды алаңдатқан ең көкейкесті мәселелер заңнамалық деңгейде шешімін табуда. Мысалы, халықтың несие қарызы, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық, лудомания, есірткіге тәуелділік, вейптер сияқты кеселдерге заңмен тосқауыл қойылды. Десе де түрлі түйткіл әлі көп. Форум барысында сөйлеген мәслихат, мәжіліс депутаттары солардың шешу жолдарын да айтты. Мәселен, Ринат Заитов тасада қалған төл өнерді төрге шығаруымыз керек деді. Ол үшін ұлттық дәстүр мен өнердің оңаша ордасы қажет. РИНАТ ЗАИТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ //Мәселен, Қытайдағы дәстүрлі Пекин орталығы, Италиядағы Ла-скала, Қырғыз ағайынның дәстүрлі Манас орталығы өз ұлтының төл өнері мен дәстүрін сақтап, дамытып отыр. Бізге де осындай республикалық деңгейдегі ұлтымыздың ән, күй, жыр, айтыс-термесін әлемге танытатын бір дәстүрлі ұлттық театр ауадай қажет. Бұдан соң мінберге мемлекет басшысы шықты. Президенттің айтуынша ауқымды саяси реформалардың арқасында мәслихаттардың рөлі де, құзыреті де арта түсті. Облыс депутаттары аралас, ал аудан депутаттары можаритарлы жүйемен сайланады. Бұрын екі пайызға да жетпейтін жастардың үлесі еселеп артты. Тек аянбай еңбек ету керек. ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ //Мәслихат депутаттары айрықша сенім мондатының иесі. Тұрғындар сіздерді жақсы біледі. Ой пікірін сіздерге тікелей жеткізеді. Мәселесін шешуге көмектеседі деп үміт артады. Осы жауапкершілікті терең сезініп, халыққа адал қызмет ету керек. Десе де, депуттардың барлығы бірдей жұмысына жауапты емес. Біразының сайлаушылар алдындағы есебі көбіне формалды түрде өтеді деді президент. Әрі әкімдіктердің жұмысын беталды сынайтын азаматтардың өзін сынға алды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше әкімнің жұмысына сын көзбен қарау – демократиялық қоғамға тән қалыпты нәрсе. Бірақ сынағанның жөні осы екен деп, тым артық кететін әсіре белсенділер де бар. Президент депутаттар назар аударуы тиіс түйіткілдерге де тоқталды. Қазір бюджеттік түсімдер азайып жатыр. Сондықтан, ауыл, аудан мен облыстың қаржылық дербестігін арттыру үшін мәслихат Кодекс жобасын талқылауға белсене атсалысуы керек. Әрі жергілікті жердегі тазалықтан бастап, ұрпақ тәрбиесіне дейін бей жай қарамауы тиіс. Әсіресе телефоннан бас көтермейтін балаларға үлгі болатындай, ел ішіндегі шынайы қаһармандарды насихаттау қажет деді. ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ (АУД) //Біздің оқушылар математикадан, физикадан және басқа да пәндерден өткен олимпиадаларда жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүр. Осындай талантты балаларды қолдап, олардың ұстаздарын ынталандыру керек. Таяуда академик Асқар Жұмаділдаев осы турасында: «Біздің спортшылар Олимпиадаға барып, қарсыластарын төпелеп ұрып, танауын бұзып келеді. Кейін оларды әуежайда қарақұрым халық қарсы алып құттықтайды, тіпті пәтер мен көлік сыйлап жатады. Ал математика, физика, химия пәндерінен өткен халықаралық олимпиадаларда бірінші орын алған балаларымызға мұндай құрмет көрсетілмейді» деп орынды пікір білдірді Ал, форумға қатысып жатқан депутаттардың әсері ерекше. Елге оралып, бар ынтамызбен қызмет етеміз деп отыр. ҚАЛИМАРЖАН ТӨРЕҚЫЗЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ //Біріншіден ақылдасу алаңы болды. Ой қозғау алаңы болды. Үшіншіден тәжірибе алмасу алаңы болды. Бір жерде әртүрлі деңгейдегі депутаттар бір залдың ішінде отырды. Мемлекет басшысы келіп, бәрімен сұхбаттасып, суретке түскенде бұл депутаттық форумның деңгейін көтеріп жіберді. ЕЛДОС ДАЛАБАЙ, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ //Бұрынғыдай өтірік әнгіме жоқ қазір. Халық алдындағы аманатымызды адал атқарып жатырмыз деп ойлаймын. Себебі мені сайлаған тұрғындар қандай мәселе айтса да, мен олардың мәселесін әкімдікке айтамын олар бір айда менің сұрағыма жауап береді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant