Н.ЖҮСІП: КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫ БАУЫРЛАС ЕЛДЕРДІҢ БІРЛІГІН БЕКЕМДЕЙ ТҮСЕДІ
«Көшпенділер ойыны түркі жұртын жақындастыратын айтулы шара. Оған қоса, бұл ұмыт боп бара жатқан этникалық спорт түрлерін ұлықтауға мүмкіндік береді». Парламент сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп арнамызға берген арнайы сұқбатында осылай деді. Көшпенділер ойыны 2014 жылы алғаш рет Қырғыз елінде ұйымдастырылып, кейін әлемдік мәртебеге ие болды. Алғашқы лекте 19 мемлекеттен 600-ге жуық спортшы қатысқан еді. Жыл сайын дүниежүзілік додаға дүбір қосқандар қатары артты. Биыл 89 елден 3 мыңға таяу спортшы қатысып жатыр. Айтулы шара негізгі үш бағытты қамтиды. Ол мәдениет, спорт және ғылым. Мәселен, ғылыми бағытта белгілі ғалымдардың қатысуымен халықаралық деңгейде конференция өтті. Ал мәдениет бағыты бойынша мазмұнда шаралар легі жалғасуда. Осылайша, көшпенділердің бай тарихы қайта жаңғырып, жаһан жұртының назарына жетіп жатыр. НҰРТӨРЕ ЖҮСІП – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ Бұл не береді дегенде түркі тілес елдердің бауырластығын арттыратын бір-біріне жақындастыратын үлкен халықаралық шара болып жатыр. Ұлттық ойындарымыздың қай-қайсысы болса да, қайта зерделеніп жатыр. Шетелден кеп жатқандар болсын, елорданың тұрғындары болсын Американы ашқандай таңқала қарап жатыр. Қызылорда облысы да өзінің сән салтанатымен бұрынғы тарихын баян ететіп, өндірістің өскен өңір екендігін көрсететін жақсы жетістіктерімен келіпті. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/