Н.НӘЛІБАЕВ: ХАЛЫҚ СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРМЕУІ ТИІС
«Тұрғындар сұйытылған газдан тапшылық көрмеуі керек. Сондай-ақ газды талонмен босату, шекті мөлшерде құю деген мәселе болмауы тиіс». Облыс әкімі бүгінгі мәжіліс отырысында жауапты сала басшыларына осындай тапсырма жүктеді. Және аймақтағы барлық операторлардың газ қорына мониторинг жүргізіп, заңнама талаптарын бұзғандарға шара көру керектігін айтты. Қазіргі күні облыс аумағында 25 оператор 210 автогаз құю бекеттері арқылы сұйытылған мұнай газын сатумен айналысады. Газдың бағасына келсек, 1 литр - 70 теңге, ал облыс орталығынан 200 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан шалғай аудандарда 75 теңгені құрайды. Бүгінде облыстағы газ қоры 3593 тоннаны құрайды. Дегенмен газ құю бекеттерінде ұзын сонар кезек пайда болуда. Мамандар мұның себебін былай түсіндіреді. БЕКБОЛАТ ШӘРІПБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Бекеттерде қажетті көлем болғанымен талонмен алынатын мекемелерді қамтамасыз ету мақсатында халыққа сатудан бас тартылуда. Мысалыға, Қызылорда мұнай өнімдер мекемесі биылғы жылдың басынан бастап 339 мекемемен газды сатуға келісім жасаған.... Облыс әкімі сұйытылған газ ең әуелі қарапайым халыққа берілуі тиіс. Талонмен алатын мекемелер екінші кезекте. Сонымен қатар, газ бағасын төмендетіп, лимитпен босату деген мәселені тез арада жою керектігін айтты. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ Кімде кім арзандатылған газ алады бірінші халыққа сату керек мекемелердің көлігіне емес. Ал оған жетпей жатыр екен, сырттан коммерциялық газ алып келіп сатсын. Мемлекет бірнеше есе арзан бағада беріп жатыр мұқтаж азаматтарды қамтамассыз ету үшін. Кімде кім қарапайым халыққа қолжетімді қылады, сұйытылған газды үздікіз жеткізеді сол азаматтарға ғана береміз... Арзандатылған газдан түсетін пайда көл көсір, ал тұрғындар тапшылық көруде. Нұрлыбек Нәлібаев осы мәселеге байланысты аймақтағы барлық газ құю бекеттеріне мониторинг жүргізуді тапсырды. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ 19-01 Шұғыл түрде налоговый, антимонополия, двд, прокуратура бәрін біріктіріп, группа құрып тексеріңдер бәрін. Посттарды қою керек шұғыл түрде барлық шыға беріске... Нұрлыбек Нәліаев әлеуметтік газ алып отырған барлық операторларға сырттан коммерциялық газ әкеліп, халықты қамтамасыз ету керектігін айтты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/