Suivant

Н.НӘЛІБАЕВ: ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ КЕМ-КЕТІК ТҰСТАР ТЕЗ АРАДА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУІ ТИІС

17/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтағы құрылыс жұмыстарының барысына қатысты арнайы жиын өткізді. Жалпы соңғы он жылда Қызылорда облысында 750 млрд теңгеге жуық қаржыға мыңнан астам нысан салынып, пайдалануға берілген. Кейбірінің сапасы бас шайқатады. Өткен аптада облысымызға келген арнайы жұмыс тобымен бірлесіп, Қызылорда қаласы және аудандарда соңғы 20 жылда пайдалануға берілген құрылыс нысандарының жай-күйі зерделенді. Әрине, ол топ мыңдаған нысанды түгел қамти алмады, уақыт тапшы болды. Зерделеу барысында анықталған кемшіліктерді Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдері мердігер мекемелермен бірлесіп, заң аясында шұғыл қалпына келтіруі тиіс. «Жауапты сала басшылары, нысандардың сапалы салынуын, белгіленген мерзімде ел игілігіне табысталуын, техникалық және авторлық қадағалаушылардың жұмысын қатаң бақылауға алыңыздар», – деді Нұрлыбек Нәлібаев. Ал, штез арада қалпына келтіру туралы тапсырма орындалмаған жағдайда мәселе арнайы құрылған жұмыс тобының қарауына ұсынылатынын жеткізді. Бұл тек құрылыс нысандарына қатысты емес. Жол құрылысы, газ, жылу, жарық желілерін тарту жұмыстарының да сапасы тексерілетін болады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant