НӘРЕСТЕНІҢ ӨҢЕШІНЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
Облыстық балалар ауруханасында өңеш артезиясымен туылған нәрестеге ота жасалды. Операция ойдағыдай өткен. Тілші бейнематериалдында толығырақ. Елімізде әрбір он мың нәрестеден біреуі өңеш атрезиясы, яғни өңеш пен асқазан-ішек жолындағы ақаумен дүниеге келеді екен. Облысымызда бұл диагноз жылына 3- 4 балаға қойылады. СЕРІК НҮСІПХОЖАЕВ – ДӘРІГЕР-ХИРУРГ //Бұл балада күрделі ақау – өңештің бітеу туылуы болды. Бұл бала Ана мен бала орталығында дүниеге келді, сол жақта диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, диагнозы нақтыланып, біздің Облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Балаға отаалды дайындық жүргізілгенннен кейін баламызды өңеш атрезиясына торакотамия және өңеш трахея бронх пластикасы отасы жасалды. Қазіргі таңда баламыз қанағаттанарлық жағдайда. Толық сауығып, үйіне шығарылуда. Бұл өте күрделің ота болып саналады, және сирек туатын ақау болып есептеледі. Дәрігерлердің айтуынша, шақалақтың денсаулығына алаңдауға негіз жоқ. Бала мен анасы өздерін жақсы сезінуде. НҰРАЙ БАҚЫТ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ Өзімнің жасым жиырма бірде, тұңғыш балам көптен күткен жолдасымыз екеуміз. Басында естіген кезде өте қорықтық. Ондай ауруды бұрын соңды естімегеннен кейін, бізде уайым болды. Одан кейін осы облыстық балалар ауруханасына әкеліп, операцияға кірді дегеннен, отбасымызбен дүғада болдық. Операция сәтті өтті, облыстық неонаталды хирургия бөлімшесіне алғысымызды білдіргіміз келеді. Азаннан кешке дейін түн ұйқыларын төрт бөліп, баламызға қарады. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Бұрын бұл диагноз қойылған нәрестелер еліміздің ірі қалаларындағы орталықтарға жүгінетін болса, қазіргі таңда қаламыздағы облыстық балалар ауруханасында толық ем алуда. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/