Suivant

Облыс ардагерлерінің көшпелі семинары

07/11/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Бүгін Сырдария ауданында «Елдіктің тоғыз бағыты – жас ұрпаққа бағдар» атты облыстық семинар-кеңес болды. Аймақ ардагерлерінің басын қосқан іс-шарадан тілші бейнематериалы. Тіршілік атты үлкен теңізде талай толқындарды абыроймен еңсерген ардагерлер алдымен ауданның көрікті жерлерін көлікпен аралады. Жол бойы туған өлкенің табиғатын тамашалап, өткенді еске алды. «Парасат» алаңында өңірден шыққан арда азаматтардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады. Іс-шара аясында ақсақалдардың ақ тілегімен бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Одан соң қариялар бастауыш ардагерлер ұйымының жұмысымен танысты. Аудандық мәдениет үйінде осы күні жергілікті қолөнершілердің көрмесі ұйымдастырылды, күй күмбірлеп, әулете ән шырқалды. Әкелер ансамблі ауылдың алтыауызын қонақтармен бірге орындап, шат-шадыман болды. СЕРІК ДҮЙСЕНБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ Әр жылы, әр ауданда көшпелі семинарлар өткізіледі. Ондағы мақсат ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен танысу, тәжірибе алмасу. Барлық ауданның өкілдері қатысуда, соның ішінде бастауыш ұйымның өкілдерін тәжірибе алмасу мақсатында жинадық. Бастамасы жаман емес. Қарияларға қолдау көрсетіп жатыр екен, бұл бізді қуантады. Өзге аудандарға да үлгі, өнеге болады деп ойлаймын. Ардагерлер бас қосуының негізі болған «Елдіктің тоғыз бағыты – жас ұрпаққа бағдар» атты семинар-кеңесте аудан әкімі сөз бастап, қарияларға жылы лебізін жеткізді. БЕРІК СӘРМЕНБАЕВ –АУДАН ӘКІМІ Ардақты ардагерлер, ауданда қарттарға құрмет көрсетудің өзіндік дәстүрі қалыптасқан. Сырдариялық ардагерлер әрқашан қоғамдық шараларда белсенді. Ауданда 15 ардагерлер кеңесі жұмыс істейді. Ардагерлер ұйымы атқарушы билікпен алтын көпірге айналды. Бүгінде ауданда Ұлы Отан соғысының ардагері, батагөй қария, «Сырдария ауданының құрметті азаматы» 103 жастағы Яхия Тасыров атамыз ортамызда жүр. 101 тыл ардагері, 4428 зейнет жасындағы қария ұрпаққа өнеге көрсетуде. Биыл шаруашылықтармен, кәсіп одақтар, кәсіпкерлердің демеушілігімен 140-тан астам қария Шымкенттегі «Сарыағаш», «Манкент», Жамбыл облысындағы «Меркі», Қызылорда облысындағы «Жаңақорған» шипажайларында тегін демалуға мүмкіндік туды. Жиында жас жеткіншектерге дінмен қатар тәрбиелік мәні бар ұлттық құндылықтарымызды да насихаттап, түсіндіріп отыру қажеттігі айтылды. Жаназа және діни рәсімдерді бірізділікке түсіру, аста-төк ысырапшылдыққа жол бермеу мәселелері де сөз болды. АСҚАР МЕРЕКОВ – ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ Салт-дәстүрді бүгін қалай сақтап жүрміз. Осы жөнінде өз пікірмді айттым. Біздің ауданда да осы бойынша жұмыстар атқарылуда. Өлік жөнелтудегі даңғазалық, ауданда бір үлкен шара өткізіп, облыстың бас имамын шақырып, дін жөнінде бәрін дәлелдеп, бүгінгі шапан тарату, қонақ асы беру, жыртыс тарату, осының бәрі керек жоқ. БАҚЫТЖАН ЖОЛМЫРЗАЕВ – СЕКСЕУІЛ КЕНТІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ Мәселелердің маңыздысының бірі нашақорлық. Жастар соны қолданып жатыр дейді, соны қоғам болып алдын алуымыз керек деймін. Буллинг жөнінде, ол да қиын нәрсе, мектептегі тәрбие, Енді осыны ұсаздармен, қоғамдық ұйымдар араласа отырып қолға алсақ, қолдан келеді деп ойлаймын. Қариялар – өткеннің шежіресін шертіп, болашаққа бағыт беруші даналық иелері. Олардың әрбір әжімінде өмірдің сыры, әрбір сөзінде үлгі болар ақыл жатыр. Осы орайда қоғам өміріне бей-жайы қарамай, белсенділік танытып жүрген бір топ ардагер марапат төрінен көрінді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant