Suivant

Облыс бюджеті 678 млрд теңгеге жетті

23/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Биыл қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің жартысына жуығы ыстық суға қосылады. Бұған үкімет резервінен 11 млрд теңге бағытталмақ. Бұған қоса, инфрақұрылым желілелерін жаңғырту жұмыстары да қарқын алмақ. Осы және өзге де жаңашылдықтар облыстық мәслихаттың кезектен тыс 14-ші сессиясында айтылды. Облыс бюджеті 678 млрд теңге болып бектілді. Жыл соңына дейін оны 700 млрд теңгеге жеткізу жоспарда тұр. Тайқазан қаржысы тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталмақ. Мәселен, биыл қаладағы 187 көпқабатты тұрғын үй ыстық суға қосылады. Қалғаны келердің жылдың еншісінде. Сондай-ақ, газдандыру, жарық желілерін жаңғырту жұмыстары да басты назарда. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ //Биылғы жылы аймағымызда 11 млрд теңгеге 741 шақырым электор желілерімен 127 дана қосалқы стацияға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл өте ауқымды жұмыс. Сіздер жақсы білесіздер ауылдарда электор желілері әбден тозығы жеткен. Соны болдырмау мақсатында үкіметпен тығыз жұмыс жасап, едәуір қаражаттар бөлініп жатыр соңғы жылдары.// Жол-инфрақұрылымын дамытуға 33 млрд теңгеден аса қаржы бөлінген. Оған жыл бедерінде 266 шақырым жол жөндеуден өтеді. Тағы бір жаңалық, жуырда «Қызылорда-Ақтөбе» бағытындағы жолды кеңейту жұмыстары басталады деп күтілуде. Бұдан бөлек, халықты баспанамен қамтуға қомақты қаржы қаралған. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ // Жалпы саны 904 пәтерді құрайтын 16 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілетін болады. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдасына сәйкес азаматтардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру мақсатында халықтың осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан 1400 пәтер сатып алуға 20 млрд 700 млн теңге бағалы қағаздар шығару жоспарлануда. Аймақ басшысы сындарлы кезеңге қарамастан президент Сыр өңірін дамытуға ерекше мән беріп отырғанын айтты. Сондықтан ортақ іске бір кісідей жұмылуға шақырды. Жиында облыс әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің және өңірлік үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant