Suivant

Облыс әкімі ұстаздарды құттықтады

07/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Өңірде жыл басынан бері 10 білім беру нысаны пайдалануға берілді. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы аясында аймақта 12 мың 300 орынға арналған 21 мектеп салынуда. Оның алғашқысы ел игілігіне табысталды. Ал келер жылы қызылордалық оқушылар үшін физика-математика мектебі, инновациялық шығармашылық орталық жұмысын бастамақ. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ұстаздар күніне орайластырылған салтанатты шарада айтты. Былтыр қызылордалық 5 мұғалім республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы атанды. Ал биыл бұл сынға өңірден 9 ұстаз қатысады. Ел ертеңін білім нәрімен сусындатқан мәртебелі мұғалімдерге қомақты қаржылай сыйақы да қарастырылған. Сонымен қатар білім беру нысандарының қатарын көбейтіп, мектептерге қосымша ғимарат салу, жаңғырту жұмыстары жүруде. Салтанатты іс-шарада облыс әкімі білім саласына қатысты жаңалықтармен бөлісті. Ұлағатты жандарды ұлықтауға арналған жиында әр оқушының жүрегіне жол тауып, тың ізденістердің арқасында дарынды шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаздар марапатталды. Оларға «Ыбырай Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы мен алғысы және облыс әкімінің алғысы табысталды. Төл мерекесінде №4 облыстық мамандандырылған мектеп интернатының физика пәнінің мұғалімі Шакизат Аманжолқызы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін иеленді. Ізденімпаз ұстаз «бұл сенім жауапкершілік жүгін еселей түсті»,- дейді. Мерекелік шара ұстаздар мен оқушылардың арнайы концерттік бағдарламасымен қорытындыланды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant