Облыста 4 су қоймасы салынады
Облыс аумағында 206 гидротехникалық құрылғы бар. Онда 600 миллион текше метрден астам су сақтау мүмкіндігі бар. 10-ы республикалық, 174-і коммуналдық ал 22 құрылғы жекенің қарамағында. Биыл республикалық қор есебінен бөлінген қаржыға 14 бөгет жөнделуде. Сондай-ақ, биыл облыс әкімнің қаулысына сәйкес гидротехникалық құрылғылардың жағдайын бақылайтын мекеме құрылды. Бақылау нәтижесінде өңірдегі 40 бөгеттің жайы қанағаттанарлықсыз деп танылды. Оның 15-іне биыл көктемгі су тасқыны кезінде зақым келген. Облыс аумағында 2028 жылға дейін 4 су қоймасын салу көзделген. Біреуі қала, үшеуі аудандарда салынады. Сайт: http://aktobetv.kz Instagram: https://www.instagram.com/aqtobetv/ Facebook: https://www.facebook.com/aqtobetv VK: https://vk.com/aqtobetv Twitter: https://twitter.com/aqtobetv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews