Suivant

ОБЛЫСТА ЭПИЗООТИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

26/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыс аумағында малдың жұқпалы ауруларының алдын алу және эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау бағытында жұмыстар жалғасуда. Аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы мал ауруына қарсы бөлінген ветеринариялық препараттарға қомақты қаражат бөлінді. Енді бекітілген жоспарға сәйкес ақпан айында препараттар жеткізіліп, одан кейін егу жұмыстары жүргізілмек. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес. Бұл түптеп келгенде ауылдағы ағайынның әл-ауқатына және облыстың агроөнеркәсіп саласының дамуына әсер етеді. Айта кету керек, сапалы жұмыстардың нәтижесінде былтыр наурыз айында Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы Қызылорда облысына аусыл ауруынан таза аймақ мәртебесін берді. Ветеринария саласындағы жұмыстарды ілгерілету үшін «Жол картасы» жасалды. Соның аясында биыл жануарларды уақытша ұстауға арналған панажайлар салуға жер телімдері бөлініп отыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant