Suivant

Ойын алаңдары жөнделіп жатыр

05/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жыл соңына дейін қаладағы 25 ойын алаңы бастан-аяқ қалпына келтіріледі. Оның он бесі қайта жаңғыртылса, қалған оны күрделі жөндеуден өтуде. Осы мақсатта қала қазынасынан бір жарым миллиард теңгеден аса қаржы бөлініпті. Жалпы бұл нысандар қолданысқа берілгеннен бері күрделі жөндеу көрмеген. ДАРХАН БАҚТИЯРОВ – ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «10 ойын алаңына келетін болсақ, оның 7-8-і қазіргі таңда тәмам. Қалғандары демонтаж жұмыстары жасалып, 1 ай көлемінде халықтың игілігіне берілетін болады. Ал 15-тің 8-9-ы қазіргі таңда жұмысын аяқтап, қалған алаңдарға жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол да бір ай көлемінде берілетін болады. +00:44- ойын алаңдары өте сапалы. Балалардың демалысын тиімді өткізу мақсатында осындай жобалар іске асырылып жатыр». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant