Suivant

Ортақ мәселе. Жеміс-жидек бағасы

19/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Бүгінде ең өзекті мәселенің бірі – қымбатшылық. Ортақ мәселенің бүгінгі тақырыбы да осы болмақ. Нақтырақ айтсақ, қаладағы сауда базарларында жеміс-жидек бағасының шектен тыс шарықтауы қарапайым халықты әбігерге салып отыр. Баға қайда барады? Тілшіміз Дәулет Сағит зерттеп көрді. ДӘУЛЕТ САҒИТ – ТІЛШІ //Рақмет, әріптес! Қызылорда өңіріндегі сауда орындары мен көтерме базарларда жеміс-жидектің бағасы құбылып тұр. Бірқатарын зерттеп те көрдік. Тауарын өзге облыс қана емес, көрші ммелекеттерден үлкен жүк көліктерімен таситын саудагерлер құбылған бағаны арзандату былай тұрсын, бірқалыпта ұстап қалудың өзі мұңға айналып барады, дейді.// Жеміс-жидек бағасының тұрақтылығын сақтау айлығы шайлығынан аспайтын қарапайым халық үшін маңызды. Ол үшін өңірде жылыжайларды көбейту керек. Айта кетейік, облыста жалпы көлемі 12 мың гектарды құрайтын 21 жылыжай жұмыс істейді. Солардың бірі - Ақерке Тәжекеева күтіп баптайтын жылыжай. Білікті маман былтырдан бері жеміс-жидектің лимон, құлпынай, банан түрлерін егуді бастаған. Қазір лимонның «Меир» деп аталатын сорты жемісін беруде. Бағбанның айтуынша, өңірдегі жылыжай санын арттырып, табиғи өнімді молайтсақ жергілікті өнімге сұраныс артар еді, дейді. АҚЕРКЕ ТӘЖЕКЕЕВА – ЖЫЛЫЖАЙ МЕҢГЕРУШІСІ // Сырттан келетін өнімдерге қарағанда біздің өнім өзгеше. Бұның дәмін татып көрген адам дәмі аузында қалады. Өйткені, қыстың күні болсада жемісті жеп көрген кісілер жаздың күні жеген дәммен тең. 04:20 Жергілікті тұрғындардан сұраныс жоғары. Лимонның өзі базардағыға қарағанда ерекше. 00:51 Негізі ең бірінші өңірге осы лимон ағашын отырғызып, еккен болатынбыз. Содан кейін бірнеше кәсіпкер бізден көріп, сұрастыра келе өз кәсіптерін бастап кетті. 04:52 Кедергілерде болады. Қызылорданың өзінің жазда қатты ыстық, қыста суық. Сосын жел соның барлығы кәдімгідей әсер етеді. Жылыжайды суытады. Соны қадағалап отырамыз.// Қыста жеміс-жидек пен көкөніс бағасының қымбаттауын көпшілік маусымдық құбылысқа балайды. Алыстан арбалап келетін импорттық өнімді айтпағанда отандық алма мен алмұрттың өзі қыста қымбаттап шыға келеді. Нақты көз жеткізу үшін біз орталық сауда базарларына ат басын бұрдық. Сатушылармен тілдесіп, жеміс-жидектің құны неліктен қымбаттағанын сұрастырдық. Ең алдымен жанармай мен тыңайтқыш бағасының көтерілуі әсер еткен. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant