ОРТАҚ МӘСЕЛЕ. КҮРІШ ПЕН ЕТТІҢ ҚҰНЫ
Бірреттік тегін ас үшін төбелес шығарып, супер жеңілдіктер үшін таласып-тармасу өте ұят, сорақы көрініс. Рухани азып-тозу өз алдына бөлек әңгіме. Бәлкім, мәселенің бір ұшы ырыққа бағынбай тұрған базар бағасында болар? Үкімет биыл әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тізімінен 9 тауарды алып тастауға бел буған еді. Яғни, тұз, ұн, макарон, қарақұмық, күріш, нан, сүт, картоп пен тауық жұмыртқасына шекті баға белгіленбейді. Әзірге бұл бастама өз күшіне енген жоқ. Алайда баға қазірден бақылаудан шығып барады. «Ортақ мәселе» айдарында үш өңірдің азық-түлік бағамын зерделеп көрген едік. Оның ішінде көптің сұранысына ие - ет пен күріштің құнын салыстырып көрелік. Қызылорда- Түркістан-Жетісу өңірлерінен тілшілеріміз тікелей байланысқа шығуға әзір. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/