Отандасымыз Оңтүстік Кореяның беделді сыйлығына ие болды
0
0
16/11/24
Dans
Asie / Kazakhstan
Алматыдағы Корей театрының көркемдік жетекшісі Любовь Ни Оңтүстік Кореяның беделді сыйлығына ие болды, деп хабарлайды 24KZ. Ол Ян Хе Сук атындағы премиясына лайық деп танылды. Сыйлық көлемі 1 миллион 785 мың теңгеден асады. Марапат корей дәстүрлі мәдениеті мен мұрасын дамытуға және жақсартуға үлес қосқан адамдарға беріледі. Ол биыл халықаралық корей театр қауымдастығын басқарған 88 жастағы Ян Хе Суктың құрметіне тағайындалған. #оңтүстіккорея #сыйлық #алматы #Жаңалықтар #24KZ #хабар24
Montre plus
0 commentaires
sort Trier par