Отандық ғалымдар биологиялық тыңайтқыш жасап шығарды | Экосана
Биыл отандық тыңайтқыштар үшін бөлінетін субсидияның көлемі артты. Енді шаруаларға кеткен шығынның 60% өтеледі. Тыңайтқыш тек қалтаны қағып қана қоймай, қоршаған ортаны ластап жатыр. Бірақ онсыз тағы болмайды. Шаруалар мол өнім жинау үшін химиялық өнімдерге иек артуға мәжбүр. Алайда оны мөлшерден көп қолданса, өсімдікті күйдіріп жіберуі мүмкін. Осыны ескере келе, отандық ғалымдар биологиялық тыңайтқыш жасап шығарды. Оның өсімдікке де, экологияға да зияны жоқ. Әрі оны аз мөлшерде қолданса жеткілікті. Ғалымдар өнімділікті 2-3 есеге арттыруға болады деп отыр. Топырақ құрамындағы бактерияға негізделген биологиялық тыңайтқыш елде бұрын-соңды өңделмеген. Қанатқақты жобаның экологиялық әрі экономикалық пайдасы қандай? «24KZ» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz ******* БІЗДІҢ ПАРАҚШАЛАРҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: Facebook: https://www.facebook.com/tvkhabar24 Instagram: https://www.instagram.com/24kz_tv/ Telegram: https://t.me/tv_24KZ TikTok: www.tiktok.com/@tv24kz Twitter: https://x.com/tvkhabar24 #24KZ #шаруа #тыңайтқыш #ғалымдар #ластану #экология #Экосана