Suivant

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕДЕ

09/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Отбасы орталығында аналардың жиыны өтті. «Отбасы берекесін сақтау маңызды» тақырыбындағы іс-шараны қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы жүргізіп, қатысшуылар жанұя құндылығын насихаттады. Жиында шаңырақ шаттығы, бала тәрбиесі секілді маңызды тақырыптар кеңінен талқыланды. Жастардың отбасы мүшелерімен жақсы қарым-қатынаста болуы, ата-ананы құрметтеу сынды мәселелер қаузалды. «Ұлттың қалыптасуы, қоғамның дамуы, мемлекеттің өркендеуі ең алдымен отбасы тәрбиесіне баланысты,»- дейді қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы. ОРАЗГҮЛ АСАНҒАЗЫ – ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ //Қазір жаңарған, жасарған Қазақстанды құрамыз десек, әрбір отбасы шағын мемлекет. Сондықтан отбасы бақытты, берекелі болса мемлекетіміз де бақытты, берекелі болады. Сондықтан жастарға отбасын құрардағы жауапкершілікті сезіну. Ер адам өзінің отағасы екенін, сол отбасының асыраушысы, қамқоршысы, ең бірінші алған жарына өмір бақи қамқор болуына, оны сыйлай алса, бақытты ғұмыр кеше алады. Сондықтан жастарға айтарым отбасын құрарда от басып қалмау үшін үлкен жауапкершілікпен қолға алу керек. Алланың алдында да адамның алдында да екеуінің жауапкершілігі тең.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant