“ОТБАСЫ ҮЛГІСІНДЕГІ БАЛАЛАР АУЫЛЫ МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҮЙІ” КММ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТЕДІ
Биылдан бастап “Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілері өңірдегі басқармалар қамқорлығында болады. Бұл жұмыс облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің бастамасымен қолға алынған. Басты мақсат- мекемедегі балаларды қоғамға бейімдеп, жан-жақты дамыту. Облыстық білім беру басқармасының қызметкерлері, мекемеде тұрып жатқан 49 баланы жас ерекшеліктеріне қарай әр басқармаға 3-4-тен бөлді. Соған сай жауаптылар тәрбиеленушілерді қала ішінде еркін жүріп-тұруға, әртүрлі әдеби-мәдени іс-шаралар қатысушысы болуға көмек көрсетеді. Болашақ мамандығын таңдап, жұмысқа орналасу бойынша да бағыт-бағдар береді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары “Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, қамқорлығында болатын балалармен танысты. Директормен бірлесе өткізілетін іс-шаралар жоспарын талқылады. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO