Отбасылық жанжал бойынша 3 қылмыс тіркелді
Биыл елімізде отбасылық жанжал санаты бойынша 90 мыңнан астам өтініш түскен. Бірақ оның тең жартысы арыз-шағымын қайтарып алған. Ал облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі бойынша полиция 3000-ға тарта қоңырау қабылдаған. 3 қылмыстық іс тіркелді. Жұбайының қолынан бір әйел ажал құшты. Осындай құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" акциясы жалғасуда. Бұл жолы мамандар теміржол вокзалында ақпараттық парақшалар таратып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Үнпарақтарда сенім телефондары, дағдарыс орталықтарының мекенжайы мен тұрмыстық жанжал жауапкершілігі туралы ақпараттар көрсетілген. Акция адам көп шоғырланған сауда орындарында, университет пен колледждерде жалғасын табады. Сайт: http://aktobetv.kz Instagram: https://www.instagram.com/aqtobetv/ Facebook: https://www.facebook.com/aqtobetv VK: https://vk.com/aqtobetv Twitter: https://twitter.com/aqtobetv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews