Отбасында ойран салғандарға жаза күшейді
Өткен жылы елімізде отбасылық кикілжің салдарынан 108 кісі өлімі орын алды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың басым бөлігі әйелдер мен балаларға қарсы жасалған. Өңірде бұл санаттағы қылмыстар биыл біршама азайған. Есесіне, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың қатары күрт көбейіп отыр. Бұл туралы облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды. Отбасында ойран салып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың қатары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 есеге көбейген. Бұл дер кезінде жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесі, дейді мамандар. Тұрмыстық жанжалдың басым бөлігі алкогольдік ішімдік салдарынан орын алған. Ал өңірде уақытша ұстау және сауықтыру орындары тапшы. Сондықтан жиында тәртіп сақшылары тарапынан әкімшілік ұстау орындарын көбейту және полиция бекеттерін қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету ұсынылды. Айта кетейік, таяуда ғана Мемлекет басшысы «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңға қол қойды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қылмыс деп танылуы осы санаттағы қайғылы жағдайларды ауыздықтауға айтарлықтай сеп болады, дейді мамандар. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ /Аймақта өткен жылы бұл санаттағы қылмыстар 16,7 пайыз өсіммен қорытындыланды. Биылғы жылдың 5 айында осы сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтар төмендегені байқалады. Бұл мәселе өте күрделі. Жыл басынан бері осындай фактілер бойынша полицияға 1544 өтініш түскен. Әкімшілік қамауға алынғандардың саны 4 есеге артқан. 180 отбасы татуласқан/ ЕРМАХАН ӘБДІРАМАНОВ – ОПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ // Қабылданған профилактикалық шаралардың нәтижесінде отбасы тұрмыстық саласында жасалған қылмыс көрінісі 70 пайызға төмендеді. Отбасы жанжалын шығарған 1607 тұлға профилактикалық есепке алынып, 1110-ы әкімшілік кодекстің 73 бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.../ Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/