ОТШАШУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Пиротехника бұйымдарын пайдаланғанда сақ болыңыз! Аймақта отшашудың салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын-алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бесінші желтоқсанда басталған рейдтік іс-шараны облыстық полиция департаменті мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірлесіп өткізуде. Басты мақсат – пиротехникалық заттарды сақтау және сату тәртібін бұзғандарды анықтап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Рейдтік жұмыстар үшінші қаңтарға дейін жалғасады. Пиротехника өнімдерін заңсыз сатқан немесе сақтау тәртібін бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске сала кетейік. НҰРКЕН БАҚТИЯРОВ - ОПД ӘПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //00,54 Іс шара барысында, басталғалы бері 12 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 254 дана пиротехникалық бұйымдар тәркіленді. Бұл бағыттағы шаралар аталған департамент қызметкерлерімен алдағы уақытта жалғасын табатын болады. // Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/