Suivant

П.СЫЗДЫҚ: ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖЫЛ

06/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Ұлу жылында Қазақстан халықаралық деңгейдегі үлкен шараларға ұйытқы болмақ. Елімізде бірқатар ауқымды саммит, форумдар өтеді. Сонымен қатар, Қазақстан бірнеше беделді халықаралық ұйымға, атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу де еліміз үшін айтулы оқиға екенін айтты. Байрақты бәсеке ұлттық спорт пен салауатты өмір салтын дәріптеу жағынан да, бауырлас халықтардың байланысын арттыру тұрғысынан да маңызды екені сөзсіз. Осы орайда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық өз пікірімен бөлісті. Айтуынша, ұлттық спортты ұлықтау арқылы елге келетін шетелдіктер саны артып, туризм саласына қан жүгіре бастайды. ПІРМҰХАММЕД СЫЗДЫҚ – ОБЛЫСТЫҚ «АТАМЕКЕН» КӘСІПКЕРЛІК ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ //Көшпенділер ойыны бізге не береді? Бұл негізінен айналып келген кезде біздің елге әлемнің көзқарасын байқатады. Бұл жерде көшпенділер ойыны болғаннан кейін Орта Азия, Еуропа бар, барлық елдің басын қосып, осы жерге туризімнің ағылатыны белгілі. Ал, бұл туризм айналып келгенде біздегі мынау қызмет көрсету саласындағы бизнеске өте қолайлы жағдай туғызады. Өйткенді, қонақ үйлер, сервистік қызмет көрсету, ұлттық киімдеріміз бар, ұлттық ойындарымыз бар осының барлығын дәріптеу біз үшін өте маңызды. //Сондықтан, мен ойлаймын 2024 жыл туризм саласында, бизнесте үлкен маңызды рөл атқаратын болады.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant