Павлодарда «Жасыл ел» жасағына арналған аллея ашылады

17/03/25
Khabar 24
Dans Asie / Kazakhstan

Бұл туралы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өткен «Шекарасыз экология» дәрісінде айтылды. Пікірталас түріндегі танымдық дәрісті эколог-сарапшы Юрий Гашек жүргізді. Шара кезінде қатысушыларға емен ағашының тұқымы егілген пластик ыдыс таратылды. Студенттер бір жарым айдан кейін жас өскінді саябақтар мен   үй аулаларына егеді. Ұйымдастырушылар өсімдікке күтім жасап үйренген жастар табиғатқа жанашырлықпен қарайды дейді. Орман қорын ұлғайтуға да үлес қосады деген сенімде. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par