Suivant

ПАРАЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

18/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Паралимпиада жеңімпаздарына мемлекеттік наградалар табысталды. Президент жарлығымен I және III дәрежелі «Барыс», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылары марапатталды. Естеріңізге сала кетейік, Париж паралимиадасында Қазақстан құрамасы 9 медальді қанжығалады. 2 алтын, 3 күміс, 4 қола медальді жеңіп алды. Ел абыройын асқақтатқандар қатарында Паралимпиаданың күміс медалін жеңіп алған Еркін Ғаббасов бар. 41 жастағы мерген 3 баланың әкесі. Жары Шынар Еркін Ғаббасовтың күтушісі, қолдаушысы. Олар енді алтын медаль жеңіп алуға бар күш-жігерімізді салып, дайындаламыз деп отыр. ЕРКІН ҒАББАСОВ- «ПАРАСАТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ //Барым, аяғым, нарым осы жан. Әрқашанда қолдап жүретін. Жарым// ШЫНАР ҒАББАСОВА - Е. ҒАББАСОВТЫҢ ЖАРЫ //Отбасы құрғанымызға 21 жыл болды. 3 баламыз бар. Бір қызымыз, екі ұлымыз бар. Болашақтта ойлаймын, алтын медальді алады деп ойлаймыз. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant