Suivant

Партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы талқыланды

14/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

«AMANAT» партиясының «Жер аманаты» жобасы аясында өңірде пайдаланылмай жатқан 225,3 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. Елімізде «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға жоспарланған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленген болатын. Өңірде өткен жылы осы бағытта бірқатар жұмыстар атқарылды. Партиялық бақылау комиссиясы құрылыс нысандарын аралап, уақытылы әрі сапалы аяқталуын қадағалады. Сонымен қатар, партия филиалдарында қоғамдық қабылдау өткізіліп, тұрғындардың талап, тілегі тыңдалды. Нақтырақ айтсақ, қоғамдық қабылдауда 4484 өтініш тіркелсе, оның 70 пайыздан астамы оң шешімін тапты. «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары бойынша да тиісті іс-шаралар өткізілді. НАУРЫЗБАЙ БАЙҚАДАМОВ – «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Жер аманаты» жобасы биылға 70 мың гектар жерді қайтару межесі қойылып отыр. Осы жерде туындаған бір мәселе – үлескерлердің жері бар ауылдың іргесінде. Сол жерде ауылдың малы жайылып жүр. Бірақ малды олар тіркемейді. Біз енді тұрғындармен малын тіркеуге жұмыс жасап жатырмыз. Сонда ана жерді мемлекет қайтарып алмайды. Ауылдың іргесіндегі жайылым халыққа ортақ пайдалануға мүмкіндік беріледі Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant