ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫМЕН 2025 ЖЫЛ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЖЫЛЫ ДЕП ЖАРИЯЛАНДЫ
Елде келер жылы жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бүгін тиісті қаулыға Мемлекет басшысы қол қойды. Мұндай шешімді Президент қыркүйектегі Жолдауында мәлім еткен болатын. «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Әрі біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Кейінгі кездері елде дәрігер, мұғалім секілді мәртебелі мамандық иелерінің әлеуметтік жағдайын көтеруге көп көңіл бөлінді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/