Президент Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты
Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына бүгін 32 жыл. Осы мерейлі күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы басты байрағымызды көтеру салтанатына қатысты. Әнұранның әуенімен ту тұғырына қонған соң Президент жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл елдігімізді нығайта түсетін мерейлі мереке екенін айтты. «Осы мерекеге орай біз жаңа ғана еліміздің бас байрағын көтердік. Көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Туымызды тік ұстау – әр азаматтың перзенттік парызы – деді Президент. Ал шара соңында әскери оқу орындарын үздік бітірген қыз-жігіттерге лейтенант шенін тапсырды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/