ПРЕЗИДЕНТ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Мемлекет басшысына Мәжілістің заң шығару қызметі туралы баяндалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Ерлан Қошановтың айтуынша, сессия басталғалы бері 35 заң қабылданып, Сенатқа жолданған. Қазіргі уақытта депутаттардың қарауында 69 заң жобасы жатыр. Президенттің тапсырмасымен Бюджет кодексі, халықтың тым көп несие алуын төмендету, тұрғын үй саясаты, мемлекеттік сатып алу, ғылым және технологиялық саясат, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жылу энергетикасы, масс-медиа, адам саудасына қарсы іс-қимыл және басқа да заң жобалары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Мәжілістің 2023 жылы атқарған жұмыстарына оң баға берді. Президенттің айтуынша, қабылданған заңдар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға тікелей ықпал етеді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыру бағдарына қатысты негізгі шараларды жүзеге асыруды көздейтін заңдарды қабылдау қажет екеніне назар аударды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/