Президент Қатар кәсіпкерлерімен кездесті
Қатарлық инвесторлар Қашағанда екі газ өңдеу зауытын салады, Теле2 және Алтел брендтерін сатып алады, Астана маңында бидайды терең өңдейтін зауыт құрылысын бастайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатарға мемлекеттік сапары аясында өткен инвестициялық дөңгелек үстелден кейін осындай жобаларды көздейтін коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Құжаттардың жалпы инвестициялық құны – 18 млрд доллар. Таяу Шығыстағы араб елінің кәсіпкерлерімен бұрын-соңды мұндай байланыс болмаған. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/