Suivant

Пікір мен пайым

10/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Елдің ертеңіне қатысты маңызды мәселер халықтың талқысына түсуі тиіс. Кешеден бастап аймақта Атом электр станcасын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері түсіндірме жұмыстарын бастады. Осы ретте өңірдегі профессор-ғалымдар да жастармен кездесіп, ашық талқылау жүргізуде. Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 2000-нан астам студент білім алады. Оқу ордасының ұстаздары мен шәкірттері елдік істің қай-қайсысына болса да белсене араласып, өзіндік пікір-пайымын білдіріп келеді. Жастармен кездескен химия ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрбол Аппазов атом энергетикасын дамыту, аграрлық және коммуналдық кәсіпорындарды тұрақты энергия көзімен қамтамасыз етудің маңызына тоқталды. Өз кезегінде студенттер де электр энергиясы тапшылығының өзекті екенін ортаға салды. НҰРБОЛ АППАЗОВ – ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ПРОФЕССОР - Атом электр станциясы уақыт талабы деп есептеймін. Өйткені Париж конвенциясына сәйкес 2050 жылға қарай біз көміртектік нитралға қол жеткізуіміз керек. Яғни, қазба отыны кезіндегі электр станцияларының жұмысы тоқтап, жасыл энертегика көзіне көшуіміз керек. Енді бұл электр энергиясын тұрақты қамтамасыз ететін осы жылу электр станциясы болып табылады. Жасыл энерutтика көздері жәймендеп салынып жатыр. бірақ олар біздің елімізді үздіксіз тұрақты түрде электр энергиясымен толық қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті бізге қазіргі таңда үздіксіз тоқтамайтын электр энергия көзі және қоршаған ортаға зардабы жоқ мейлінше төмен энергия көзі ол - АЭС. Неге дейтін болсақ жалпы, халықтың арасында радиофобия бар радиациядан қорқу. Бірақ соңғы технологиялар бойынша ол халықаралық бақылаулар арқылы қазіргі таңда ең жоғары қауіпсіз деңгейде қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда бүкіл әлемде 400-ден аса АЭС 30-дан аса елде қызмет етіп тұр. Ешқандай ақау болған емес. Сол себепті АЭС кезде елімізді тұрақты энергия көзімен қамтамасыз етеді және оның электр энергиясын генерациялауы ЖЭС – на қарағанда он есе. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant