Suivant

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ СПАРТАКИАДА

18/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Республика күніне орай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен мемлекеттік және ведомстволық мекеме қызметкерлерінің қатысуымен спартакиада өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шарада сала мамандары спорттың бес түрінен сынға түсті. Бүгінде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің саны екі мыңнан асып жығылады. Дәстүрлі түрде өтіп тұратын спартакиадаға бұл жолы жеті команда, 70-ке жуық әуесқой спортшылар қатысты. Олар спорттың 5 түрінен сынға түсті. Атап айтсақ, ер балалар жағы арқан тартысып, гір тасын көтерсе, қыз балалар 100 метр қашықтыққа жүгіріп, волейбол ойнады. Шешуші сәтте білекті жігіттер күш сынасты. Командалық есепте жеңіске жеткендер медальдар және әр түрлі естелік сыйлықтармен марапатталды. МЕЙРАМБЕК ӘБДУКӘРІМОВ - №2 АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ Биыл бұл спартакиадаға Қазалы аудандық оңалту орталығының мамандары да қосылды. Жалпы сайысқа қатысамын деген қызметкерлер саны жыл сайын артып келеді. Ауқымы да кеңейе түсуде. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған шара алдағы уақытта да үзбей өтіп тұратын болады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant