Suivant

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

01/11/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Елімізде 70 мыңнан астам жалғызбасты әке бар. Олардың отбасы тәрбиесіндегі орны мен жауапкершілігі қазір өзекті болып отыр. Қызылордада өткен 9-шы республикалық Әкелер форумында осы мәселе кеңінен талқыланды. Жиын 4 сессиялық тақырыпқа бөлінген. Форумға еліміздің барлық өңірінен келген 200-ден астам делегат қатысты. Әкелер форумының қонақтары мен спикерлері сөз сөйлеп, өзекті тақырыптарды қозғады. Бала тәрбиелеудегі тәжірибелерімен бөлісті. Деректерге сүйенсек, елімізде 900 мыңнан астам жартылай отбасы болса, оның 70 мыңнан астамын жалғызбасты әкелер құрайды екен. Осы ретте, әке мен бала арасындағы байланысты нығайтып, үлгілі әке моделін қалыптастыру маңызды дейді жиынға қатысушылар. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant