Suivant

РХШ ӨКІЛДЕРІ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

23/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб өкілдері Жаңақорған ауданында болды. Олар бірнеше еңбек ұжымдарында болып, кәсіпкерлермен кездесті. Жаңақорған -¬ сан салада серпін алған аудан. Өндірісті өңірге арнайы ат басын бұрған республикалық халықтық штаб өкілдері алдымен жастармен жолықты. Одан соң жуырда ғана ашылған «QamqorIyq» оңалту орталығында болып, медицина мамандарымен кездесті. Онда халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, тұрмысын түзеуде жасыл энергияның тиімділі жайында талқыланды. МАРХАБАТ ЖАЙЫМБЕТОВ - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕСІ //Біз барлық электр энергия өндіретін көздердің барлығын дамытуымыз қажет. Болашақта біз энергиялық тәуелділікті жоюымыз керек. Болашақта бұл АЭС-тің тиімділігі зор. Өйткені, өндіріс дамиды, өнеркәсіп дамиды, кәсіпкерлік дамиды деген үлкен сөз. Ел өміріндегі маңызды шешімдер халықтың таңдауы арқылы қабылданады. Бұл елімізде жаңа бір саяси мәдениеттің қалыптасқанын аңғартады. Сондықтан референдумда әрбір азаматтың дауысы маңызды. «Жаңақорған Транзит» серіктестігінде өткен кездесуде халықтың штаб өкілдері осылай деді. Одан соң олар «Qaratau fruts» шаруашылығында болып, агросала мамандарына атом электр станциясы жөнінде кеңінен ақпарат берді. НҰРЛАН КӨПТІЛЕУОВ ¬ - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕСІ //Жалғыз тұрақты энергия көзі – АЭС. Одан бөлек, бізде Париж келісімі бар. 2060 жылға дейін көмір бейтараптығына көшуіміз керек. Сол себепті, осы жасалап жатқан игі шаралар келісімшартқа қолжеткізуге көмектеседі. АСЫЛЖАН ЖОЛДАСБЕКОВ - КӘСІПКЕР// Қазір мынау энергия көзі мықты кәсіпорындарға өте қажетті. Ол экономиканы алға жетелейтін драйверлердің бірі. Жаңақорған ауданында 6800-ге жуық кәсіпкерлер тіркелген. Біздің аудан аграрлы аудан ғой. Одан әрі өндірісті бас қолға алып жатыр. Өнеркәсіпорындарына өте мықты энергия көзі керек. Тілші: Қалай болғанда да, АЭС құрылысына қатысты шешім 6 қазанда халықтық таңдау арқылы қабылданады. Оған дейін әрбір азамат бұл тақырыпты таразыға тартып, ой елегінен өткізуі қажет. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant