Салық заңнамасындағы өзгерістер
Биыл тауарларға ілеспе жүкқұжаттар рәсімделе бастады. Сондай-ақ цифрлық таңбалаусыз аяқ киім сатуға тыйым салынды. «Көлеңкелі бизнес пен сапасыз тауарлардың алдын алу мақсатында қолға алынған шаралар өз нәтижесін беруде», - дейді мамандар. Сәуір айында қолданысқа енген ережеге сәйкес аяқ киім саудасымен айналысатын кәсіпкерлер бірде бір тауарды таңбалаусыз сатпауы қажет. МЕЙРАМБЕК ИБРАИМОВ - ҚАЛАЛЫҚ МКБ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Мұның негізгі критерийлерін атап өтетін болсам, көлеңкелі экономиканың жоғары деңгейін болдырмау ең бастысы халқымыздың денсаулығының қауіптілігіне байланысты жасап отырған іс шаралар. 2-05 Негізгі таңбалау ЭЦҚ арқылы жүргізіледі. Қандайда бір компания өзінің тауарларын жергілікті кәсіпкерлерге сататын жағдайда сатушы немесе сатып алушы таңбалауды бес жұмыс күннің ішінде ЭЦҚ арқылы растау керек Сондай-ақ Мемлекеттік кірістер басқармасы электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тауар санаттары бойынша ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу міндетті екенін еске салады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/