Suivant

Салыққа салғырт қарамау қажет

29/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Сыр өңірінің салық базасын ұлғайтуға мүмкіндік мол. Мәселен, өзге облыстағы кәсіпкерлік субъектілерін аймаққа салық төлеуші ретінде тіркеп, бюджет кірісін арттыруға болады. Сондай-ақ, мүлік, жер, көлік салығын өндіру бойынша кешенді шаралар атқару қажет. Десе де, бұл жұмыстарда қарқын баяу. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте аталған мәселе жан-жақты талқыланды. Салық базасы артса, сапалы істер атқаруға болады. Сондықтан аймақ тайқазанына түскен әр тиынның маңызы зор. Бұған дейін аймақ басшысы аудан әкімдеріне сырттан кәсіпкерлік субъектілерін өңірге салық төлеуші ретінде тартуды тапсырған еді. Алайда, аталған істе ілгерілу байқалмайды. Тек Сырдария мен Шиелі ауданында қозғалыс бар. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ //Салықты ұлғайту бойынша жұмыс жасалмаған. Біз сырттан тартып, келтіре алмай жүрсек, мына жерде кеткені көп. Ал онымен айналыспағансыздар. Сондықтан тікелей бақылауға алу керек. Мүмкіндік бар. Жұмыс дұрыс ұйымдастырылмаған. Ендігі мәселе. Өңірде көптеген бизнес өкілі мемлекеттен субсидия немесе гранттар алып отыр. Сол арқылы кәсіптің көкжиегін кеңейтіп жатыр. Бірақ, салық төлеуге келгенде тартып қалатыны бар. Мәселен, гранттар бойынша берілген миллиардтаған қаржыдан қайтарым тым аз. Оны облыс әкімінің орынбасары өз баяндамасында айтты. ДАНИЯР ЖАНАЛИНОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ //Сол кәсіпкерлер осы ақшадан пайдасын тауып, тиісті салығын төлеу керек. Қазіргі уақытта бұл жұмыс өте төмен деңгейде жүргізіліп жатыр. Тек ғана гранттар бойынша берген 8,5 млрд теңгеден қайтарылған салық 340 млн ғана. Ол бюджеттен салынған 1 теңгеге 4-ақ тиын қайтарылып отыр деген сөз. Нәтижесі осындай.Соның ішінде көбісі кәсіпкер ретінде тіркеліп, қайтадан жабылып қалған. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ //Жеке кірістеріміздің 65 пайызын жалақыдан түсетін салықтар құрап тұр. Сонда қалғаны 35-ақ пайыз ба? Бұл жақсы дүние емес. Кәсіпкерлер дұрыс төлемей ма, агросаладағы кәсіпкерлер дұрыс төлемей ма? Неге аз бұл? Жиында облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Әділбек Бекішев жергілікті бюджеттің кірістерінің орындалуы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, айыппұлдарды өндіру бағытындағы шаралар талқыланды. Аймақ басшысы өңір тайқазанын толықтыруға тыңғылықты жұмыс жүргізу керек екенін еске салды. Егер аталған тапсырма орындалмаса, қатаң шаралар қабылданатынын айтты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant